Ұстаздар күні

🎉🎉🎉Қазан айында аталып өтетін мерекелер ішіндегі ең ұлық та, ұлағатты мерекенің бірі – «Ұстаздар күні». Осынау ерекше күнді атап өту мақсатында оқу орнымыздың білім алушылары  ұстаздарға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мерекелік кеш шымылдығын колледж директоры Р.Уаисов ашып, оқытушыларды төл мерекесімен құттықтады. Қызметте белсенділік пен жоғары жетістіктерге жеткені үшін оқытушыларымыз марапаттармен табыс етілді.
Мерекелік кеш соңы  студенттердің дайындаған концерттік бағдарламасымен  жалғасын тапты. Білім алушылар ұстаздарға арнаған ізгі тілектерін білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Білім мен ғылымға арнаған істеріңіз абыройлы болып, құрметтеріңіз әрдайым арта берсін! Болашақтың тұғыры жастарымыз білімді де іскер болсын! Тәуелсіз еліміз көркейіп, өркендей берсін!
 Мерейлi мерекелерiңiз құтты болсын!🎉🎉🎉