АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Білім саласының дамуына өзіндік үлесін қосып, жас
ұрпаққа тағылымды тәрбие мен терең білім берген
білім саласының ардагерлерін құрметтеу — басты парыз. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінде Ұстаздар күні мерекесі және 1 қазан — Қарттар күніне орай өткен салтанатты жиында білім саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагер ұстаздарға құрмет көрсетті. Саналы ғұмырларын жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруге аяулы ардагер ұстаздарымыз Исенова Алма Рахимжановна, Жакин Олжатай Шаграевич, Дощанов Сейлбек Хусаинович, Большина Куралай Ильясовна алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды. Еліміздің білімді жастарын тәрбиелеп, еңбегінің зейнетін көріп отырған ардагер ұстаздарымыз бүгінгі мерекеде лайықты құрметке ие болды.