Жыл керуені алға жылжыған сайын Абай Құнанбайұлының артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Осы ретте білім ордамызда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған онлайн форматта «Абай оқулары» өтті.
Байқаудың шарты: ақынның бір өлеңін жатқа мәнерлеп оқу керек болатын. Барлығы 12 студент қатысты. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылып, ішкі комиссия құрамынан сұрыпталып өткен бейнероликтер әлеуметтік желіге салынды.
Қазылар алқасы шешім шығару барысында мына критерийлерді басшылыққа алды:
1. Поэзиялық туындыны таңдау және оқу шеберлігі.
2. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтау.
3. Өлеңді орындау мәдениеті, техникалық дайындығы және киім үлгісінің сай болуы.
Қазылар алқасының шешімі бойынша:
Бас жүлде — Мендыбай Темірлан ҚБ-21 тобының студенті.
1-орын — Ахметқұл Сымбат ҚБ-11 тобының студенті.
2-орын — Ахметов Парвиз ЮК-11, Каржаубаева Жанерке АК-21, Тынхан Нуржамал ҚБ-11.
3-орын — Кеңесбек Арман ИС-12, Женисова Меруерт ҚБ-21, Жакиялина Нұрай ҚБ-21.
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясына ие болған — Сагимбаева Арина АО-13 тобының студенті.
«Көңілім әнді ұғады» номинациясына ие болған — Түлкібай Мөлдір ИК-11 тобының студенті.
«Білімдіден шыққан сөз» сөз номинациясына ие болған — Аманбай Жадыра ИК-11 тобының студенті.
«Поэзия жанашыры» номинациясына ие болған — Оспанова Меруерт ИК-11 тобының студенті.
Әлеуметтік желіде ең көп дауыс жинап «Көрермен көзайымы» номинациясына ие болған — Каржаубаева Жанерке АК-21 тобының студенті.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!