Заңгер болу –заман талабы


Ағымдағы жылдың 18- қарашасында Ш. Уәлиханов атындағы КУ базасында заң ғылымдарының магистрі, «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы Е.А.Наурызбаевтың ұйымдастыруымен «Заңгер болу –заман талабы» тақырыбында вебинар өтті.
Вебинар жұмысына кәсіподақ өкілдері, «Құқықтану» кафедрасының, Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжінің оқытушылары, құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері (біздің ЖОО-ның түлектері), сондай-ақ университет пен колледждің заң мамандығының студенттері қатысты.
Көпсалалы колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Т.Жамбылов, кәсіподақ төрағасы М.М.Асаров, PhD докторы Қ.С.Әбділов, «Құқықтану»мамандығының түлектері мен студенттері баяндама жасады.
Вебинарға қатысушылар заң мамандығының ерекшеліктері туралы, құқық қорғау қызметі әрқашан қоғамның басты назарында екендігі, барлық адамдар үшін қызығушылық тудыратындығы туралы айтты, өйткені оның нәтижелері азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігіне әсер етеді.
Кездесуді ұйымдастырушы Е.А.Наурызбаев «Құқықтану» мамандығының түлектері Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдарында, мәселен, облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық әкімдіктерде, сот жүйесінде, прокуратура органдарында, ІІМ, ТЖМ және басқа да құрылымдарда еңбек ететінін атап өтті.