ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті жанындағы көпсалалы колледжіне оқуға түсу үшін құжаттарды қабылдау 20 маусымнан 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:
- күн сайын – 9.00-ден 18.30 дейін
- сенбі – 9.00-ден 14.30 дейін
Телефондар: 8716 72 11 10, 8707 272 11 10, 8708 444 21 52
E-mail: Kolledzh.kgu@mail.ru
Instagram: shokan.college
Колледжге оқуға түсу үшін құжаттар тізімі
1.қабылдау туралы өтініш
2.білімі туралы құжаттың түпнұсқасы
3.3х4 см көлеміндегі фотосурет (4 дана)
4. флюросурет қосымшасы бар 086-У нысанындағы медициналық анықтама
5. жеке басын куәландыратын құжат
6. ҰБТ, КТ сертификаты (бар болса)
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар, олардың мәртебесін айқындайтын құжатты ұсынады
Колледжге ерекше білім алу қажеттілігі бар тұлғаларды оқуға қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның таңдаған мамандығы бойынша оқуға қарсы айғақтардың жоқтығы туралы қорытындысын ескере отырып, заңды өкілдерінің бірінің өтініші негізінде жүзеге асырылады (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін 088-У нысаны бойынша медициналық–әлеуметтік сараптаманың қорытындысы).
Қабылдау емтихандары
Қабылдау емтихандары оқуға түсушілердің өтініштеріне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
күндізгі оқу түріне – 24-27 тамыз
қашықтықтан оқыту түріне – 24 тамыз-22 қыркүйек
Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесі
Педагогикалық мамандықтарға қабылдау емтихандарына дейін әңгімелесу жүргізіледі.