Қашықтықтан оқыту форматында жұмыс жасау кезіңінде оқытушылар мен студенттер онлайн режимінде сабақ өткізу үшін интернет технологияларын белсенді түрде пайдалануда. IT-құзыреттері бойынша өткен курстар, әдістемелік семинарлар, өз бетінше оқу үрдісінде АКТ қолдануға көмектеседі.
Бейне-сабақтар қорын толықтыру, оқытушыларды цифрлық контентті жасауға ынталандыру мақсатында колледж қабырғасында бейне-сабақтар сайысы өткізілді. Қазылар алқасы байқауға ұсынылған 26 жұмыстың ішінен үздіктерді анықтады. Бейне-сабақтарпедагогтың кәсіби шеберлігі функционалдық сауаттылық, сабақтың әдістемелік құндылығы мен практикаға бағытталғандығы, педагог бейнесі сияқты критерийлер негізінде бағаланды. Бейне-сабақтар байқауында 1-ші орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Э.С.Жумагулова иеленді. Бас жүлде иегерінің сабағы барлық талаптарға сай болды және қазылар алқасы атап өткендей, мұғалімнің үлкен әлеуеті көрінеді. 2-орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы К.Ж.Искендерова және информатика пәнінің оқытушысы Г.Р.Мукушева иеленді. Тарих пәнінің оқытушысы А.Б. Шарипова және экономика пәнінің оқытушысы А.Б.Абилова 3-орынды бөлісті.
Сонымен қатар ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Е.А.Гареева, физика пәнінің оқытушысы Ж.Шакенова, экономика және құқық пәндерінің оқытушысы Д.Ж.Абдиловаларғасертификаттабысталды.
Бейнесабақ түсіру барысында мұғалімдер әдістемелік жоспарлауды, сабақты дамытуды, сондай-ақ ғаламтор технологиясының құралдарын қолдана отырып, камераға түсіп, шебер сөйлеп, өздерін жан-жақты қырынан көрсете алды. Кәсіби шеберліктерінің әрдайым арта берсін дей отыра,барлықтарыңызға табыс тілейміз!