26 қарашада Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс студенттері Ақмола облыстық тарихи – өлкетану музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы және Тәуелсіздік» тақырыбындағы кездесу кешіне қатысты. Студенттермен танымдық диалог құрған «Арқа Ажары» газетінің бас редакторы Қайырбек Төреқожа, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Бисара Макенова, Ү.Ыбырай ат. Облыстық филармониясының әншісі Сәрсенбай Хасенов. Кеш қонақтары ел тәуелсіздігінің тарихынан сыр шертіп, Елбасының сарабдал саясатын тілге тиек етті. Болашақ жас ұрпақ аға буын өкілдерінің өнегелі ойларын тыңдап, «Елбасы және Тәуелсіздік» экспозияциясымен танысты.