Большина Куралай Ильясовна
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің орыс тілі мен әдебиеті пәндері оқытушысы, «педагог – зерттеуші»
Большина Куралай Ильясовна Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жанындағы көпсалалы колледжінде қырық жыл педагогикалық еңбек өтілі ішінде 21 жыл қызмет атқаруда. Колледжде орыс тілі мен әдебиеті пәндерін оқытады. 2021 ж. «педагог – зерттеуші» санатына ие болды.
2018 жылы К.И.Большина «Практикум русского языка » оқу-әдістемелік кешенін ұсына отырып, республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының облыстық кезеңінде 1 орынға ие болды.
2020 жылы – Білім беру ұйымының басшыларының қауымдастығы, Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігінің қолдауымен , Республикалық «Лучший по профессии» байқауының «Үздік арнайы пән оқытушысы» номинациясы бойынша 1 орынға ие болды.
2021 жылы Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясы ұйымдастырған «Үздік Ұстаз» ХІІ республикалық тәуелсіз қоғамдық байқауының қорытындысы бойынша Куралай Ильясовна 1-орынға ие болып, «Үздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.
2019 жылы Большина Куралай Илиясовнаның студенттері Новосибирск қаласындағы Халықаралық педагогикалық порталындағы «Солнечный свет»кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздары. 2021 жылы Қазақстан олимпиадасы орыс тілінен. Қазақстанда Ресей ғылым және мәдениет орталығы ұйымдастырған «Мандельштам Рубцов» халықаралық поэзия баттлында жоғары дәрежеде қатысты.
Оқытылатын пәндер бойынша студенттердің оқу жетістіктерінің тиімділігі 80% құрайды. 2004 жылдан 2017 жылға дейін бірнеше рет орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Ақмола облыстық мектеп олимпиадасына қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты.
2016 жылдан бастап жыл сайын Көкшетау, Нур-Султан қалаларында «Эпоха и личность» симпозиумы аясында өткізілетін «Қос тілді ғалым О.А.Сұлтанияев шығармашылығындағы ономастикалық кеңістік» атты дәстүрлі республикалық ғылыми семинарға қатысады.
2020-2021 оқу жылында ұстаздың педагогикалық өтілі облыстық деңгейде қорытындыланып, Білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» ТжКБ бөлімінің сараптау комиссиясы отырысының шешімімен Ақмола облысы, ТжКБ ұйымдарында таратуға ұсынылды.
2022 жылы оқытушының «Практикум русского языка » оқу-әдістемелік құжаты «Білім» бейіні бойынша оқу орнының мәжілісінде қаралып, ОӘБ жариялануға бекітілді. Ж.Досмұхамедов атындағы Жоғары педагогикалық колледжінде (Орал қ., Батыс Қазақстан облысы).
2010 жылы К.И. Большина Астана қаласындағы Түркі академиясының екі монографиялық мәтінге түзету жұмыстарын жүргізді: «Өзбек тілінің фоностилистикасы» (авторлары М. Джусупов, К. О. Сапарова), «Түркі дәстүрлері қазіргі түркі халықтарының антропонимикалық кеңістігіндегі» (авт. Г. Р. Галиуллина).
2012 жылы Куралай Ильясовна колледждің 10 жылдық мерейтойына «Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледжінің тарихын» дайындап, оны жеке тарау ретінде университеттің 50 жылдығына арнап шығарылған «Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің шежіресіне енгізілді».
2010 жылдан 2015 жылға дейін жас жазушы Алина Жоғұлованың «Нимфина» шытырман оқиғалы трилогиясының бас редакторы болды (Астана қ).
Оқытушы авторлық nsportal.ru/kalam.62 шағын сайтын жүргізеді, оны өзінің әдістемелік әзірлемелерімен толықтырады.Бұдан басқа да Куралай Илиясовна бейне сабақтарын және студенттердің педагогикалық тәжірибе кезінде жасаған ең жақсы бейне сабақтарын жариялау үшін YouTube арнасын құрды.
Педагогикалық қызмет жылдарында К.И. Большина колледж студенттері мен жоғары сынып оқушыларына арналған орыс тілі бойынша 2 оқу құралы, 4 оқу-әдістемелік құрал, 3 ОӘК шығарылды.
Халықаралық ғылыми конференциялар жинақтарында 22 ғылыми мақала, оның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым комитеті ұсынған журналда 3 мақала жарияланған.
«Техникалық және кәсіптік білім» журналында мақала жарияланды (2021, Нұр-Сұлтан).
2022 жылдан бастап Куралай Ильясовна техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларының республика деңгейіндегі сарапшы болып табылады.
Ұзақ жылғы және жемісті ұстаздық қызметі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (2020), Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің мерейтойлық медалімен (2021) марапатталған.
Куралай Ильясовна колледж бен университеттің қоғамдық өміріне белсенді араласады. Біраз жылдар университетте өткен ұстаздар арасындағы спартакиадада шахматтан сәтті өнер көрсетті.
Ұстаздар қауымы арасында үлкен құрметке ие. К.И. Большина құзыреттілігімен, берілгендігімен, өз жұмысына жауапкершілікпен қарауымен ерекшеленеді.