Жарыс өз мәресіне жетті
7-8 желтоқсан аралығында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледж қабырғасында қалалық спорттық іс-шара өтті. «Жастар Рухымен» бірлесе отырып, қаланың жастарына арналған ұлттық ойындарды насихаттау жарысы өткізілді.
Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор. Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі мәдениеті мен өнерінің де ешкімнен кем болмағанын байқатады. Қазақ халқы – ұлттық ойындарға бай халық. Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып жатыр. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Шындығына келсек, өмір сүруімізде ұлттық ойындардың атқаратын міндеті ерекше. Қазақ халқы – материалдық мұраларға қоса, мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Жарыстың үздіктері екі күндік додада анықталды: «Бес асық» жарысы бойынша:
3-орынға Көкшетау жоғары техникалық колледжі,
2-орынға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжі және
1-орынға Азаматтық жоғары көпсалалы колледжі ие болды.
«Асық ату» жарысы бойынша:
3-орынды «Арна» колледжі,
2-орынды Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі,
1-орынды Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжі иеленді.
Осымен жарыс өткізу дәстүрге айналып, үлкен дәрежелі жарысқа айналады деген ойдамыз. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!