Медициналық қызмет

Медициналық пункттің негізгі міндеті – колледж студенттері мен қызметкерлеріне дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ алдын алу іс-шараларын өткізу.

Мақсаты мен міндеттеріне сәйкес медициналық пункт:

  1. шұғыл көмек көрсетеді;
  2. жарақаттар, жіті аурулар, улану кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді;
  3. профилактикалық және сауықтыру іс-шараларын әзірлейді және өткізеді;
  4. есепке алу-есеп беру медициналық құжаттамасын жүргізуді жүзеге асырады;
  5. санитарлық-гигиеналық білімді және салауатты өмір салтын насихаттайды;
  6. оқу дәрісханаларының, асханалардың, жатақханалардың санитарлық жағдайын қадағалайды.


Медициналық пункттің қызметін ұйымдастыру

1. Темірбеков 30А мекен-жайында орналасқан «Арасан» емдеу-сауықтыру кешенінде медициналық көмек көрсету және профилактикалық іс-шаралар үшін барлық ыңғайлылығы бар тиісті үй-жай бар. Штатта дәрігер-терапевт, медбике қызмет атқарады.

2. Колледждің оқу корпусында алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық кабинет бар. Медициналық пункт қажетті медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған, алғашқы медициналық көмек көрсету, студенттер мен қызметкерлерге жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексеруді ұйымдастыру және өткізу үшін дәрі-дәрмектер жиынтығы бар.

3. Медициналық пункттің жұмыс режимі белгіленген және әкімшілікпен келісілген.