0111013 Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі

Мамандық: 0111000 – Негізгі орта білім беру

Педагогикалық мамандық – қазіргі уақыттағы ең белгілі мамандықтардың бірі, тіпті осы мамандық басқа да мамандықтарды анықтайды деп айтуға болады, себебі еңбектің басқа түрлері арнайы ұйымдастырылған мақсатты педагогикалық қызметтің барысында меңгеріледі.

Педагогикалық мамандық – педагогикалық үдерісте тəрбиеленуші тұлғасын тəрбиелеудің, дамытудың, оның өзінше дамуының оңтайлы жағдайларын тудыруға жəне өзін еркін жəне шығармашылықта көрсетудің мүмкіндіктерін таңдауға бағытталған кəсіби қызмет. Педагогикалық мамандықтың негізгі ерекшелігі – мұғалімнің талаптары мен мақсаттарының оқушының мақсаттарымен, мүмкіндіктерімен, тілектерімен сəйкестігі; педагогикалық қызметті сəтті жүзеге асыру мұғалімнің педагогикалық технологияны, педагогикалық техниканы игеруімен, оның кəсіби санасының деңгейімен байланысты.

Мұғалім дегеніміз – тəрбиеші, тəлімгер. Оның азаматтық, адами маңызы да осы.

Құрметті жас талапкер! «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы – сенің таңдауың! Біздің оқу орнында қазақ тілі және әдебиет саласы бойынша жан-жақты тыңғылықты маман болуға, өз елінің тілін, әдебиетін, ата-бабадан қалған ана тілдің бұзылмаған қаймағын, салт-сана дәстүрін қастерлеп, бүгінгі заманға сай бәсекеге қабілетті, мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар болып шығуыңызға толық мүмкіндік бар.

Біліктілік

0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»

Оқыту мерзімі

3 жыл 10 ай 9-сыныптан кейін (күндізгі)

2 жыл 10 ай 11-сыныптан кейін (күндізгі)

Оқуға түсуге арналған пәндер

Қазақ тілі

Қазақ әдебиеті

Оқытылатын пәндер

  • Тіл біліміне кіріспе
  • Қазіргі қазақ тілі
  • Қазақ тілінің практикумы
  • Қазақ тілінің теориясы мен тарихы
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі
  • Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу
  • Әдебиеттануға кіріспе
  • Халық ауыз әдебиеті
  • Ежелгі дәуір әдебиеті
  • Қазақ әдебиетінің тарихы
  • Әдебиетті оқыту әдістемесі
  • Қазіргі заман әдебиеті
  • Шетел әдебиеті
  • Тіл мәдениеті, стилистика

Өзекті және элективті курстар

  • Жаңартылған білім мазмұны: критериалды бағалау технологиясы
  • Инклюзивті білім беру негіздері
  • Кәсіпкерлік негіздері

Оқытудың толық циклі

Колледж – бакалавриат – магистратура – PhD докторантура

Мамандықтың ерекшеліктері

Төмендегі мәселелерге басты назар аударылады:

  • теориялық материалдарды практикамен ұштастыруға дағдыланады;
    • озық әдістемелермен танысады;
    • оқытудың инновациялық технологияларымен танысады; 
    • сабаққа қажетті көрнекіліктермен жұмыс атқару және оларды сабақ үстінде орындау және тиімді пайдалануды меңгереді;
    • педагогикалық практика кезінде студенттер өздігінен белгілі практикалық сабақты меңгеруге үйренеді;
    • ғылыми-зерттеу, ізденіс жұмыстарымен шұғылданады.

Біздің серіктестер:

  • «Көкшетау қаласы М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілді оқытылатын қазақ мектеп гимназиясы» ММ;
    • «Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицей» ММ;
    • «Көкшетау қаласы №16 орта мектеп» ММ;
    • «Көкшетау қаласы №17 мектеп-гимназия» ММ;
    • С.Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейі.

Білім алушылар педагогикалық іс-тәжірибеден өтеді.

Мансаптық перспективалар

Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер түрлі білім мекемелерінде педагог, тіл маманы, аудармашы, іс жүргізуші ретінде табысты жұмыс істейді.  

Түлектер сондай-ақ ұқсас мамандық бойынша қысқартылған оқу түрі бойынша жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыруға мүмкіндігі бар.

Оқыту түрі

Күндізгі