Біліктілік: 0111093 «Информатика мұғалімі»
Педагогикалық мамандық – қазіргі уақыттағы ең белгілі мамандықтардың бірі, тіпті осы мамандық басқа да мамандықтарды анықтайды деп айтуға болады, себебі еңбектің басқа түрлері арнайы ұйымдастырылған мақсатты педагогикалық қызметтің барысында меңгеріледі.
Педагогикалық мамандық – педагогикалық үдерісте тəрбиеленуші тұлғасын тəрбиелеудің, дамытудың, оның өзінше дамуының оңтайлы жағдайларын тудыруға жəне өзін еркін жəне шығармашылықта көрсетудің мүмкіндіктерін таңдауға бағытталған кəсіби қызмет. Педагогикалық мамандықтың негізгі ерекшелігі – мұғалімнің талаптары мен мақсаттарының оқушының мақсаттарымен, мүмкіндіктерімен, тілектерімен сəйкестігі; педагогикалық қызметті сəтті жүзеге асыру мұғалімнің педагогикалық технологияны, педагогикалық техниканы игеруімен, оның кəсіби санасының деңгейімен байланысты.
Мұғалім дегеніміз – тəрбиеші, тəлімгер. Оның азаматтық, адами маңызы да осы.
Мамандықта оқып, студенттер ақпараттық технологиялар мен математикалық пәндер саласында іргелі білім берудің берік негіздерін алады. Бұл оларға жалпы білім беретін мектептерде информатика пәні мұғалімдері мен еңбек нарығындағы IT-мамандар болуға, бағдарламашы (Software Developer) болып жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Оқыту мерзімі
3 жыл 10 ай 9-сыныптан кейін (күндізгі)
2 жыл 10 ай 11-сыныптан кейін (күндізгі)
Оқуға түсуге арналған пәндер
Қазақ тілі
Информатика
Оқытылатын пәндер
- Информатиканың теориялық негіздері
- Информатиканы оқыту әдістемесі
- Компьютер архитектурасы
- Программалау
- Компьютерлік графика
- Мәліметтер қорын басқару жүйелері
- Есептеу жүйелері, желілер, коммуникациялар
- Математикалық талдау
- Математикалық логика
- Ықтималдық теориясы және математикалық статистика
- Білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
- Физика негіздері
- Бастауыш сыныптарда информатика оқытудың теориялық негіздері мен әдістемесі
Өзекті және элективті курстар
- Жаңартылған білім мазмұны: критериалды бағалау технологиясы
- Инклюзивті білім беру негіздері
- Кәсіпкерлік негіздері
Оқытудың толық циклі
Колледж – бакалавриат – магистратура – PhD докторантура
Мамандықтың ерекшеліктері
Төмендегі мәселелерге басты назар аударылады:
- теориялық материалдарды практикамен ұштастыруға дағдыланады;
- жаңа әдістемелермен танысады;
- оқытудың жаңа инновациялық түрлерімен танысады;
- зертханалық жұмыстарға қажетті құрал-жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді;
- зертханалық жұмыстардағы техника қауіпсіздігін сақтау ережелерінің маңызды шара екенін меңгереді;
- сабаққа қажетті көрнекіліктермен жұмыс атқару және оларды сабақ үстінде орындау және тиімді пайдалануды меңгереді;
- практика кезінде студенттер өздігінен белгілі практикалық сабақты меңгеруге үйренеді;
- зерттеу жұмыстарымен шұғылданады.
Біздің серіктестер:
- «Көкшетау қаласы №1 мектеп-гимназия» ММ;
- «Көкшетау қаласы М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілді оқытылатын қазақ мектеп гимназиясы» ММ;
- «Көкшетау қаласы №5 «Таңдау» мектеп-гимназия» ММ;
- «Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицей» ММ;
- «Көкшетау қаласы №16 орта мектеп» ММ;
- «Көкшетау қаласы №17 мектеп-гимназия» ММ;
- С.Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейі;
- «Көкшетау қаласы №19 орта мектеп» ММ.
Білім алушылар педагогикалық іс-тәжірибеден өтеді.
Мансаптық перспективалар
Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер түрлі білім мекемелерінде педагог ретінде табысты жұмыс істейді. Мамандық бойынша білім алған студенттер ақпараттық технологиялар мен математикалық пәндер саласында іргелі білім берудің берік негіздерін алады. Бұл оларға жалпы білім беретін мектептерде информатика пәні мұғалімдері мен еңбек нарығындағы IT-мамандар болуға, бағдарламашы (Software Developer) болып жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Түлектер сондай-ақ ұқсас мамандық бойынша қысқартылған оқу түрі бойынша жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыруға мүмкіндігі бар.
Оқыту түрі
Күндізгі