15- қараша Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні және
қаржы жүйесінде жұмыс атқаратын қызметкерлердің кәсіби мерекесі
Қазақстан Республикасы өз егемендігін алған соң, банк жүйесі мен экономикамыз ұлттық валюта шығаруға мәжбүр болды. Елбасының 1993 жылдың 15 қарашасындағы «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы негізінде Теңге елімізде ұлттық валюта ретінде айналымға енгізілді.
Сол кезеңнен бері дәл осы күн Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні және қаржы жүйесінде жұмыс атқаратын қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып аталынып келеді.
Ұлттық валюта Теңгенің айналымға енгізілгенінен бастап, елімізде банк жүйесі де қалыпты жұмысқа кірісе бастады. Айналымда қолданылып келген кеңестік рубльдер теңгеге ауыстырылды. Бүгінде ұлттық валютамыздың қолданысына 27 жыл толып отыр. Сонау кезеңдерден бері теңге нақтылы бекітіліп, тұрақтылығын сақтап келеді. Мәселен, түрлі қаржылық операцияларды теңгеде жүргізіп, жинақтауларымызды, ай сайынғы еңбекақыларымызды теңгемен алып отырмыз.
Теңге- Тәуелсіз елдің ұлттық валютасы ретінде маңызды роль атқарады.