15 ақпан
15 ақпан –Кеңес әскерінің Ауғанстан Республикасы аумағынан шығарылған күні. 1989 жылы Кеңес армиясының шектеулі контингенті елге оралды. Он жылға созылған соғыста Кеңес Одағы 14 мың жауынгерінен айырылды. Ауғанстанның ішкі саяси жағдайын тұрақтандыруға жәрдем беру Кеңес Одағының интернационалдық парызы деп түсінген сарбаздар ақырғы демі шыққанша отан алдында берген антына адал болды. Ауған жерінде жан беріп, қан төккен барша солдаттың ерлігі мәңгі ұмытылмайды. Ер есімі қашанда ел есінде!