Құрметті ұстаздар қауымы!

Ұлы Дала елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – сан тарихты бастан өткеріп, бойдағы тектілік пен тағдыр жазуының арқасында бүгінге жеткен, Қазақстан халқының басына қонған қастерлі бақ. Біз осынау ұлы тағдырды қабыл алып, бірлігіміз бен еңбегіміз арқылы тарих сынағынан сүрінбей өтіп келеміз. Халқымыз тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, мәңгілік ел болуға бет бұрды.
         Бүгінде бабаларымыз салған сара жолмен жүріп, еліміздің тарихын сақтап, алдыңғы қатардағы  мемлекет құруға ат салысу, өскелең ұрпаққа  тәлім-тәрбие беріп, бар ынта-жігерімізбен  жұмыс жасау – біздің парызымыз.
Дамыған қоғамда  мемлекетіміздің алға ілгерілеуі үшін  білім беруге  ерекше көңіл бөлу маңызды рөл атқарады. Білім ордамыз қазіргі заман  талаптарына сай жоғары білікті мамандар дайындап, еліміздің  әлеуметтік-экономикалық  дамуы үшін  үлкен жауапты іс атқарып келеді.
Тарихи маңызы зор мерекеде отбасыларыңызға амандық, бақ пен береке, жұмыстарыңызға тек сәттілік тілеймін. Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын!
 
Колледж директоры  Уаисов Рыспай Базарбайұлы