2022 жылдың 19 қыркүйегінде «Жастар Рухы» жастар қанаты, Ақмола облыстық филиалының төрағасы Бекешев Сұлтанбек Евгеньевич, «Думан» АОПҰ-ның бірінші орынбасары Жолдыбаев Сұлтан және «Феникс» еріктілер орталығың үйлестірушісі Кенес Ризат Рахатұлы 1 және 2 курс студенттері арасында үгіт-насихат іс-шарасын өткізді.
«Жастар Рухы» жастар қанаты Жастарды қоғамдық өмірге тарту, жастардың бастамаларын қолдау және олардың мүдделерін білдіру арқылы белсенді, патриоттық жастардың қалыптасуына белсенді ықпал етеді», – деп атап өтті Сұлтанбек Евгеньевич.
Әңгіме студенттердің қызығушылығын тудырды, олар қызу талқылау сұрақтарын қойды. Әңгімелесу барысында қонақтар студенттерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беріп, оларды өз елінің білімді және мәдени азаматтары болуға шақырды.