Медициналық пункттің негізгі міндеті – колледж студенттері мен қызметкерлеріне дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ алдын алу іс-шараларын өткізу.
Мақсаты мен міндеттеріне сәйкес медициналық пункт:
- шұғыл көмек көрсетеді;
- жарақаттар, жіті аурулар, улану кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді;
- профилактикалық және сауықтыру іс-шараларын әзірлейді және өткізеді;
- есепке алу-есеп беру медициналық құжаттамасын жүргізуді жүзеге асырады;
- санитарлық-гигиеналық білімді және салауатты өмір салтын насихаттайды;
- оқу дәрісханаларының, асханалардың, жатақханалардың санитарлық жағдайын қадағалайды.
Медициналық пункттің қызметін ұйымдастыру
1. Темірбеков 30А мекен-жайында орналасқан «Арасан» емдеу-сауықтыру кешенінде медициналық көмек көрсету және профилактикалық іс-шаралар үшін барлық ыңғайлылығы бар тиісті үй-жай бар. Штатта дәрігер-терапевт, медбике қызмет атқарады.
2. Колледждің оқу корпусында алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық кабинет бар. Медициналық пункт қажетті медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған, алғашқы медициналық көмек көрсету, студенттер мен қызметкерлерге жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексеруді ұйымдастыру және өткізу үшін дәрі-дәрмектер жиынтығы бар.
3. Медициналық пункттің жұмыс режимі белгіленген және әкімшілікпен келісілген.