2022 жылдың 4 мамырында Көкшетау қаласының құрылыс-технологиялық колледжінде Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Мен болашақ кәсіпкермін» облыстық байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты: студент жастарды экономика саласындағы әлеуметтік ашу және кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру, ынталандыру, кәсіпкерлік қызметті насихаттау.
Облыстық байқауында Ақмола облысының кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің Көкшетау қ., Степногорск қ., Бурабай, Шортанды, Астрахан аудандарының 18 студенті қатысты.
Байқау қорытындысына сәйкес Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жанындағы көпсалалы колледжінің «Құқықтану» мамандығының студенті Тумасян Артур екінші орынға ие болды, жетекшісі- Мадиева Гульнар Сериковна.
Жеңімпазды құттықтай отырып,жаңа шығармашылық табыс тілейміз.