Оқуға құштар оқу орны

2024 жылдың ақпан айында кітапты кеңінен насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және ойлы да ынталы оқырмандарды тәрбиелеу мақсатында «Оқуға құштар колледж» акциясы аясында «Ой маржаны – кітапта» атты жалпыколледжішілік кітап оқуға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды. Ақпанның 20-сы күні «Оқуға құштар колледж» акциясы аясында 1 курстар арасында Төлеген Қажыбайдың «Қанкешу» повесі, 2 курстар арасында Естай Мырзахметұлының «Медет» романы, 3 курстар арасында Сәкен Жүнісовтің «Аманай мен Заманай» повесін оқу барысында тестілеу арқылы 1, 2, 3 курс студенттері арасында іріктеу кезеңі өтті. Акция екі кезеңде жүзеге асырылды: 1-кезең – тестілеу, 2-кезең – «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты сайыс. Екінші кезеңге ең көп ұпай жинап, осынау ғажайып шығармаға терең бойлап, оның мағынасын түсіне білген студенттер жіберілді.
Қорытынды нәтижесіне келсек: 1 курстар бойынша «ҮЗДІК ОҚЫРМАН – 2024» атанған қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенті Рыстина Жанель, 1-орын Жамалиева Жазира, 2-орын Ғалым Толғанай, 3-орын Әлімбай Аружан. 2 курстар бойынша «ҮЗДІК ОҚЫРМАН – 2024» атанған қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенті Қасенбай Жанел, 1-орын Кадиржанова Аружан, 2-орын Алпысова Сымбат, 3-орын Мадиева Жансая. 3 курстар бойынша «ҮЗДІК ОҚЫРМАН – 2024» атанған – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенті Әнуарбек Гауһар, 1-орын – Салық Қуаныш, 2-орын – Елубай Ботаханым, 3-орын Тулебаева Роза марапатталды.
Кітап – мұхит ,сол мұхиттан не терең?
Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!
Егер мен бай болсам,
Тек қана кітап сатып алар ем – деген екен Максим Горький. Жеңімпаздарды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!