2020 жылдың 23-24 қыркүйегі аралығында Ш.Уалиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжінде «Жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту, деструктивті мінез-құлықтың алдын алу» бағдарламасын ата-аналарға ақпараттандыру бойынша 1 курс студенттері ата-аналарымен онлайн-жиналыс өткізілді.
Жиналыста колледж психологы Актаева Айгүл Сайлаубековна ата-аналарды «Тағдыр сақшылары дегеніміз кім?» атты тақырыптағы презентациямен таныстырды. Қазан-қараша айларында жасөспірімдер өтетін онлайн-тесттің ережерімен таныстырып, ата-аналарды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді.