Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы колледжі наурыз айының 16 күні Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз мерекесіне орай «Наурыз аруы» атты сұлулық байқауын өткізген болатын.
Сұлулар сайысында 6 бойжеткен бақтарын сынады: Қазақ тілі және әдебиеті бөлімінің студенті-Егінбай Нұргүл; Ағылшын тілі бөлімінің студенті- Жазитова Мерей; Заң бөлімінің студенті- Айтансыкова Диана; Орыс тілі және әдебиеті бөлімінің студенті- Газизова Эльмира; Есеп және аудит бөлімінің студенті- Ғазиз Жібек; Қазақ тілі және әдебиеті бөлімінің студенті- Күлен Айдана.
Байқаудың негізгі мақсаты қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлікке және парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған сұлулық қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
Сайыста қыздар өздерін таныстырып, өресінің биіктігін танытуға ұмтылды. Артынша шығармашылық шеберліктерін сынатты. Әркімнің қабілеті әртүрлі. Таңдаған салалары да әр алуан. Десе де шама-шарқынша өз өнерлерін паш етті. Жарыста ой ұшқырлығы сыналып, білім деңгейлері тексерілді. Қыздарға қойылған сауалдарға жан-жақты, дәлірек айтқанда сауатты жауап беру талап етілді. Сәнқойлық сынаққа да өріс ашылды. Сыртқы сымбат сыналып, сахнадағы жүріс-тұрысқа да мән берілген.
Назарларыңызға сайыс нәтижесінде анықталған жеңімпаздар тізімін ұсынамыз:
Бас жүлде – Күлен Айдана, “Зерделі Ару” номинациясы – Жазитова Мерей, “Көрермен көзайымы” номинациясы – Айтансыкова Диана, “Шырайлы” номинациясы – Егінбай Нұргүл, “Өнерлі ару”номинациясы – Газизова Эльмира, “Кербез”номинациясы – Ғазиз Жібек.