Колледждерде білім алып жатқан үздік студенттер – еліміздің жарқын болашағының негізі. Осындай оқу орындарында білім нәрімен сусындап жатқан мыңдаған оқушының ішінде үздіктер жүздігіне жету – бұл үлкен мәртебе, жоғары көрсеткіш.
Жоба қатысушылары – «Еліміздегі колледждердің ТОП-100 студенті» байқауының қорытындысы бойынша іріктелген ең үздік жас мамандар.
Аталмыш жоба білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен ұйымдастырылған.
Шоқан Уәлиханов атындағы КУ жанындағы Көпсалалы колледждің «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы РО-919 тобының студенті Амина Қайратова – үздік 100 студенттер қатарынан өзіне лайықты орын алған білім алушы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов атынан дипломмен марапатталған студентіміз Аминаны айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Болашағынан зор үміт күттірген Амина Кайратоваға бұдан да биік шыңдарды бағындырып, үлкен жетістіктерге жетуіне тілектеспіз!