31 мамыр – Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Ерім дейтін ер болмаса, Елім дейтін ер болмас» тақырыбында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қаһармандарымен кездесу өткізілді. Аталған іс шараға Көкшенің тумасы, Алматыдан арнайы келген Желтоқсан қаһарманы – Қайыргелді Күзембай, «Желтоқсан 1986 Ақмола» қоғамдық бірлестігі төрағасы – Дәуренбек Жарылғасов, «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық ұйымы облыстық бөлімінің төрағасы – Төлеген Ерден және Көкше өңірінің Желтоқсан қаһармандары қатысты. Ұлттық сана сезімді оятуға бағытталған өнегелі істердің, жалынды сөздердің, әсерлі әңгіменің куәсі болған Информатика мамандығының 1 курс студенттері және тарих пәнінің оқытушысы Шарипова А.Б.