Жас түлек 2023

21 маусым 2023 жылы Ш.Уәлиханов университеті жанындағы көпсалалы колледжінде «Жас түлек – 2023» атты диплом тапсыру кеші өтті. Оған Ш.Уәлиханов университетінің бірінші проректоры – Байтук Ғалым Симбекұлы, Интернационалдандыру және инфрақұрылымдық даму жөніндегі Проректоры Сагындыкова Жайлагуль Ораловна, университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі Проректоры Медетов Нурлан Амирович, оқытушылар, бітіруші түлектер мен ата-аналар қатысты.
Салтанатты кеште колледж директоры Уаисов Р.Б мен қонақтар бітіруші түлектерді құттықтап, диплом табыстады. Колледж қабырғасында үздік оқумен қатар, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің жұмысын жетілдіруге қосқан үлесі үшін бірнеше түлек алғыс хат пен «Үздік түлек» номинациясмен марапатталды.
«Жас түлек – 2023» атты диплом тапсыру кеші концерттік бағдарламамен жалғасты.