«Кезең» облыстық спартакиадасы

2023 жылғы 7-10 қараша аралығында Зеренді ауданы, Шағалалы ауылды мекенінде «Кезең» облыстық спартакиадасы шеңберінде техникалық және кәсіптік, орта білім беру ұйымдарының арасынан ұйымдастырылған 15 команда арасынан Ұлттық ойындар бойынша жарыстар өтті.
Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжіміздің қыздар командасы жалпы командалық «Бес асық» спорт түрінен 3-ші орынды иеленді.
Жеңімпаздарымызды құттықтай отыра,алар асуларыңыз биік болсын демекпіз!