Тарихи таным

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен 25 қаңтарда Көкшетау қаласы колледж студенттері арасында ұйымдастырылған “Тарихи таным” зияткерлік сайысында 3 курс студенттері Бөкен Ерсұлтан, Болат Диас, Батай Аяжан мен Мұқанова Ақбота құраған “Шоқан ұрпақтары” командасы топ жарды. 3 кезеңде сайысқа түскен қатысушылар тарихтан қызықты танымдық сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтел жарыстырды.