«Тіл шебері» областық онлайн байқауы









Байқаудың мақсаты – жас мамандарды қолдау, тіл мәдениетін жетілдіруге ықпал ету, жастардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру және бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу. ⠀
Биыл байқауға 21 мен 35 жас аралығындағы 12 үміткер қатысты. Сайыскерлерді бағалау кезінде тілді білу деңгейі, жауаптардың сапасы мен мазмұны, дұрыс айтылуы мен жазылуы ескерілді. ⠀
Облыстың филолог мамандары, қазылар алқасының анықтауымен Ш.Уәлиханов атындағы көпсалалы колледжінің 4-курс студенті Бейсембек Гүлдана 3-ші орынды иеленді.
«Бұл менің үш тілде білімімді сынаудағы алғашқы байқауым болды. Үш тілді білу және оны қолдана білу байқаудың басты шарттарының бірі болғанымен, тақырыптардың қазақ халқының тарихы, тілі мен дәстүрін қамтығаны қуантады. Сайыс өте пайдалы. Елдегі қазіргі жағдайға қарамастан, ұйымдастырушылар жарысты өз деңгейінде ұйымдастырды және біз мүмкіндіктердің шексіз екендігіне көз жеткіздік.
Сыйлықтар да бізді қуантты. Мен мұғалімдерге дайындықтары мен қолдаулары үшін алғысымды білдіремін. Колледжіміздің студенттері осындай іс-шараларға қатысып, оқу орнының абыройын асқақтатқанын қалаймын» – деп жүлдегеріміз Бейсембек Гүлдана өз әсерімен бөлісті.
Облыстық байқаудың жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды