«WorldSkillsAqmola-2021»

Ш. Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжі «WorldSkillsAqmola-2021» аймақтық чемпионатында
 
2021 жылдың 14 сәуірінде Көкшетау жоғары техникалық колледжінің базасында «Веб-дизайн және әзірлеу» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Aqmola-2021» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Аталмыш сайыста облыс колледждерінің 9 командасы екі курстық тапсырмаларды орындады: «А» модулі –Графикалық дизайн – «мақсатты бет» стилінде бет дизайнын әзірлеу және «В» модулі-сервер жағында бағдарламалау – сайт жұмысын автоматтандыру болды.
Байқау барысында балалар өндірістік практикада алған кәсіби құзыреттіліктерін, шеберліктерін көрсете отырып, тапсырмаларды сәтті орындады. Мұндай жарыстар өте маңызды және қажет, өйткені олар студенттердің шығармашылық белсенділігін дамытып, таңдаған мамандығына деген қызығушылықты арттырады.
«WorldSkills Aqmola-2021» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының сарапшылары қорытынды шығарды, ал нәтижелері CIS құзыреттіліктің ақпараттық жүйесіне енгізілді.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледждің «Ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша)» мамандығының 3 курс студенті Тоқмағанбет Дамир (жетекшісі Евменова С.Н.) осы конкурста  2-ші орынды иеленіп, оқу орнымыздың намысын қорғады.
Дамирді жүлделі орынмен құттықтаймыз. Алар асуларыңыз биік болғай!