26.04.2021-30.04.2021 жж. Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжде «Әлеуметтік-экономикалық мамандықтар» бөлімінде теориялық білімдерін тереңдету, болашақ мамандыққа қызығушылықтарын ояту мақсатында «Экономикалық калейдоскоп» атты пән апталығы өтті.
Аптаның бірінші күні ашылуы өтті, онда балаларды іс-шаралар жоспарымен таныстырды, оқытушылар викторина өткізді, ал ФР-22 тобының студенттері сыныптастары арасында қызықты тапсырмалар мен ойын ұйымдастырды.
27.04 ФР-22 тобының студенттері «Отважный стрелок» Садақты-арбалетті тир атты жобаны ұсынды. Жобаның тақырыбы өте қызықты, ал жобаның өзі кәсіпкерлік әлеміне жақсы жолсерік болды. Жұмыста кіріспе, есептеулер, қорытынды бар. Балалар өз ойларын қызықты жеткізуге тырысты.
Оқытушылар Бимаганбетова А.Т. және Маникова Г. О. 28.04.2021 «XXI ғасыр – көшбасшы» зияткерлік ойынын өткізді. Іс-шара жарыс түрінде ұйымдастырылды және 6 кезеңнен тұрды. Оған ЭК-21 және ФК-21 топтарынан 10 студент қатысты. Қатысушылар жеке сұрақтарға жауап бере отырып, өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті. ФК-21 тобының студенті Азанова Диана өзінің жоғары білімін дәлелдеп, 1 орынға ие болды. Қалған қатысушылар белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.
«Бухгалтерский учет в Quizizz» викторинасы. Оқытушы Абилова А.Б. өте қызықты және мазмұнды ойын өткізді, оған ЭР-22 тобының екінші курс студенттері қатысты. Бірінші кезеңде платформадағы бухгалтерлік есеп сұрақтары болды https://quizizz.com/, екінші кезеңде логикаға қатысты сұрақтар болды, ал үшінші кезең «Быстрый бизнес» («Жылдам бизнес») деп аталды. Викторина қорытындысы бойынша екінші кезеңге Нурмаганбетова Карина, Лазоркина Елена, Ященко Анастасия өтті. Викторина жеңімпазы Ященко Анастасия болды.
Оқытушы А. Г. Казбек «Кто хочет стать миллионером?» («Кім миллионер болғысы келеді?») атты интерактивті платформа арқылы https://learningapps.org/watch?v=p9qpckndn21 зияткерлік-танымдық ойын ұйымдастырды. Бұл ойынға ЭК-21 тобының студенттері қатысты. Жұпта жұмыс істей отырып, студенттер сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді. Сұрақтар танымдық сипатта болды және экономикалық білімді кеңейтуге, сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған.
Апталықтың жабылуы аясында қорытынды жасалып, барлық қатысушылар мақтау қағаздары мен қызықты номинациялармен марапатталды. Студенттер оқытушыларға қызықты іс-шаралар ұйымдастырғаны және қашықтықтан оқыту кезеңіндегі қиын еңбегі үшін өз эмоциялары мен ризашылықтарын білдірді.