Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушыларының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 05 -18 қыркүйек аралығында «Ұлттарды біріктірген ұлы тіл»» атты Тілдер окүндігінің әдеби-танымдық қорытынды кеші өз мәресіне де жетті. Колледждің әр ұлт өкілдерінің студенттері өздерінің өнерге деген қабілеттерін аңғартып, ән мен жырдан шашу шашып, өз өнерлерін ортаға салды. Педагогикалық мамандықтардың бөлім меңгерушісі Айнагүл Елемесқызы Бейсембина құттықтау сөзінде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында келешек ұрпақтың болашағы – ана тілі екенін айтып өтті. Жетістіктерге тоқталып, тағылымы мол онкүндік аясында белсенділік танытқан студенттерді атап, тіл мамандарына өз ризашылығын білдірді.
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» – деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!