“Enjoy learning English”

Пәндік онкүндіктерді ұйымдастырудың тәрбиелік, дамытушылық маңызы зор. Шет тілдерінің онкүндігін өткізу – оқу орнының бұл  бағыттағы  жүргізілетін  маңызды жұмыстарының ерекше түрі. Пәндік онкүндіктегі іс-шаралар шет тілі білімін тереңдетіп, кеңейтіп қана қоймайды, сонымен қатар мәдени дүниетанымын кеңейтуге, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және соның нәтижесінде басқа елдің тілі мен мәдениетін үйренуге деген қызығушылықтарын арттырады.
       Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжінде дәстүрлі шет тілі пәнінің онкүндігі өткізілді. 1 курс студенттері олимпиадаға, «The best English guide» байқауына қатысып, тілді меңгеру деңгейлерін тексерді. Олимпиаданың көшбасшысы Меруерт Мұратова атанды, Тимур Жанғалов- екінші орын, Камила Игликова үздік үштікке енді.
       Болашақ ағылшын тілі мұғалімдері Биличенко Семен, Құсайынов Диар және Садуахасова Аружан «Spelling Bee» сайысының тапсырмаларын тамаша орындап шықты,  бұл сайыстың мақсаты – оқушылардың ауызша сөйлеудегі коммуникативтік құзыреттілігін арттыру болатын.
     «Өлмес мұра» мәнерлеп оқу сайысы да көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Байқауға қатысушылар қазақ авторларының ағылшын тіліне аударылған поэтикалық шығармаларын дайындады. Әділқазылар алқасы мәнерлілігін, әртістік шеберлігін жоғары бағалап, Аяжан Темірғали, Жасұлан Қайыржанов, Әмина Қайратоваларды  жеңімпаздар деп  таныды.
 
      Онкүндік бағдарламасында экстраваганттық киімдегі жұлдыздардың жыл сайынғы балы  Met Gala стиліндегі іс-шара да орын алды. Шын мәнінде, Met Gala – Нью-Йорктегі Метрополитен өнер мұражайындағы Анна Винтур костюмдер институтын қолдау мақсатында 70 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келе жатқан қайырымдылық кеші екені белгілі. Студенттерге киімді сипаттау (сөйлеу қабілетін дамыту), фильмнен үзінді сахналау тапсырмасы берілді, ал көрермендер көздері мен дауыстарынан рөльдегілерді танып, қай фильм туралы сөз болып жатқанын болжап, білуі керек. Байқау жеңімпаздары болып «Ең үздік киім» номинациясы бойынша «Ағылшын тілі мұғалімі» АК – 31 тобы және «Ең креативті топ» АК – 32 тобы марапатталды.
        Тұлғаны дамытуға және тілді жетілдіруге бағытталған ағылшын тілін үйрену жолындағы «7 оңай қадам» шарасы да  өте қызықты өтті. Бұл іс-шараның спикері ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Жаңа Зеландия азаматы Марк Йенсен болды, ол 7 жыл бойы шетелдік студенттермен жұмыс жасап, ағылшынша  ауызекі сөйлеу тілін үйрену үдерісіне заманауи әдістерді енгізіп келеді.
Онкүндік байқау жеңімпаздарын, белсенді қатысушыларды салтанатты түрде марапаттаумен, қорытындылау мен алдағы онкүндіктердегі деген идеяларды саралаумен аяқталды.