«КДМ-LIFE»

21.11.2023 ж. Көкшетау қаласы Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған КДМ-лайф байқауын өткізудің арқасында инновациялар, идеялар мен таланттардың алаңына айналды. Бұл додаға қаламыз бен облысымыздың колледждері мен ЖОО-ы қатысты. Байқау 3 кезеңнен тұрды:
өткізілген іс-шаралардың портфолиосын ұсыну, жастарды дамытуға арналған жобаларды қорғау және шығармашылық нөмірлер көрсету. Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжі аталған маңызды байқауға қатысып, жүлделі 2-орынға ие болды. Біздің студенттердің шығармашылық нөмірлері – билері мен әндері көпшілік көңілінен шықты. Әсіресе, 18 бен 25 жас аралығындағы жастарға арналған хореография мен спортты дамыту туралы жобамыз қазылар алқасының қызығушылығын тудырды. Жоба барлық қатысуға тілек білдірушілер үшін қолжетімді әрі тегін, сондай-ақ кәсіби инструкторлар мен хореографтар жүргізетін іс-шара болатынына негізделді. Қазылар алқасы идеяның креативтілігін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік маңыздылығын да жоғары бағалады. Сіздерді табыстарыңызбен құттықтаймыз, әріптестер! Жеңістерге жете беріңіздер! Жоспарларыңыз жүзеге аса бергей!