«Кезен» облыстық спартакиадасы

2023 жылдың 21-24 қараша аралығында Зеренді ауданы, Зеренді ауылында «Кезен» облыстық спартакиадасы аясында шахмат және үстел теннисінен жарыстар өткізілді. Оларға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерінен құралған 18-ден астам команда қатысты.
Аталған жарыстарда Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледж командасы шахматтан жарыста 3-ші орынды иеленді. Ал үстел теннисі бойынша жеке есепте Айдана Аселбаева қола жүлдегері атанды.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және оларға спортта да, оқуда да жоғары жетістіктерге жетуді тілейміз!