«Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі

Елордамыз Астана қаласында Республика күні мерекесіне орай ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім беру саласының үздік мамандарын марапаттады.
Қазақ даласында ағарту жұмыстарын жүргізіп, елді оқу-білімге үндеген ағартушы «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісіне колледжіміздің ұлағатты ұстазы, шебер педагог Бейсембина Айнагүл Елемесқызы ие болды. Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі ерен еңбегіңіз әрқашан бағалана берсін. Сізге еңбек жолында толағай табыс тілей отыра, шығар белестеріңіз бен алар асуларыңыз биік болсын демекпіз!