Қөрғанбек Аманжолдың 80 жылдығана арналған әдеби конференция

2023 жылдың 23 қарашасында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің кітапханасында Ақмола облыстық әмбебап- ғылыми кітапханасының қызметкері «Балалар» секторының меңгерушісі – Оралбек Есімұлы Нүрішовтың ұйымдастыруымен жерлесіміз, журналист-жазушы, әрі ақын Қорғанбек Аманжолдың 80 жылдығына арналған әдеби конференция өткізілді. Аталған конференцияға қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1-3 курс студенттері шақырылды. Қорғанбек Аманжол 1953 жылы 8 қарашада Көкшетау облысы (қазіргі Ақмола облысы) Зеренді ауданының Көктерек ауылында туған. М.Ғабдуллин атындағы 3 қазақ орта мектебін бітірген. 1976 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін тамамдаған.
Қорғанбек Ғалымтайұлы Аманжолдың өмір жолы мен шығармашылығы туралы сөз қозғалып, студенттер жазушының «Біржан бұрмалары» атты жинағындағы»Қара барқыттың қазасы», «Ерте оянған бұлақтар», «Рұқия әже әңгімелері»,«Теміртас» т.б шығармаларындағы халқымыздың ғажайып ұлдары –Біржан сал,Ақан серінің өмірінен алынған қызықты деректерімен танысты.
Конференция өте танымды және қызықты өтті ,студенттер облыстық кітапхана ұжымына алғыстарын айтты.