Болашақ – жастардың қолында… Шындығында да еліміздің болашақ әл-ауқатының негізін қалаушы айбынды жастарымыз.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің 1-2 курс студенттері «Жас Отан» жастар ұйымының төрағасы, Көкшетау қалалық мәслихатының 7-шақырылымының депутаты Сұлтанбек Евгеньевич Бекишевпен кездесуге қатысты. Депутат студент жастармен әңгімелесу барысында «Жас Отан» жастар қанатының қызметі мен жетістіктері, олардың қаламыздың және еліміздің дамуына қосқан үлесі туралы айтып берді.
Кездесуге сондай-ақ «Думан» жастар педагогикалық ұйымының өкілдері қатысып, студенттерге өз ұйымдары жұмысының қағидалары, мақсаттары мен міндеттерін ашатын бейнебаяндарын көрсетті. Бейнебаяндардың мазмұны ұйым мүшелерінің балаларды сауықтыру лагерьлеріндегі, балалар үйлеріндегі балалардың бос уақытын өткізу жұмыстарын ашып көрсетті. Кездесу барысында колледж студенттері тақырыпқа қызығушылық танытып, сұрақтар қойды. Студенттердің көпшілігі клуб жұмысына қатысуға өз ниеттерін білдірді.